16 наурыз 2015 | 15:05

Мұрат Телібеков Орталық сайлау комиссиясында жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Телібеков. ©Тengrinews.kz Мұрат Телібеков. ©Тengrinews.kz

Қазақ тілі емтиханын тапсыру алдында өзін-өзі ұсынушы Мұрат Телібеков пен Орталық сайлау комиссиясы мүшелері арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ тілі емтиханын тапсыру алдында өзін-өзі ұсынушы Мұрат Телібеков пен Орталық сайлау комиссиясы мүшелері арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрат Телібеков емтихан алдында өзінің талабын ұсынды - ол емтиханға өзінің сенімді өкілі келетінін айтты. Сонымен бірге, ол емтиханға ұялы телефон алып кіруге мүмкіндік беруді сұрады және емтиханға журналистердің басынан-аяқ қатыстырылуын талап етті.

Емтихан алдында Телібеков лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбековтен өзіне жақын отыруды сұрады. Жолдасбеков оған емтиханның үш тапсырмадан тұратынын түсіндірді - жазба жұмысы, мазмұндама және ауызша әңгіме. Бірақ Телібеков билет суырудан бас тартты, ал ауызша әңгімені өзі таңдаған тақырып бойынша айтуды ұйғарды. "Менің талабым - журналистер емтиханды басынан-аяқ түсіруі керек. Өткен сайлауда Ғани Қасымовты қалай өткіздіңіздер? Мен комиссияға сенбеймін", - деп мәлімдеді Телібеков. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен емтиханға кірісуді ескертті. "Сіз Орталық сайлау комиссиясында отырсыз, сіз емтихан тапсыруға келдіңіз, бастайық. Сіз тағы қанша уақыт сөйлемексіз? Сізге мінбер керек пе? Мен сізге емтихандағы жүріс-тұрыс ережесін түсіндіріп тұрмын", - деді ол. 

"Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеуге келісейік. Бұл жерде айқайлаудың қажеті жоқ, мен сіздерді тыңдадым. Олай болса, мына адам шығып кетсін", - деді Телібеков Сүлейменді меңзеп. 

Мырзатай Жолдасбеков бұған дейін қазіргі Мемлекет басшысы емтихан тапсырғанын, бірақ ол өзінің талаптарын қоймағанын алға тартты. 

Осы кезде өзін Телібековтің сенімді өкілімін деп таныстырып, емтихан өтетін залға кірген әйел жанжалды планшетке түсіріп жатты, ОСК қызметкері әйелді шығарып жібермек болды. Бірақ ол қарсылық білдірді. Ақыры оған залда қалуға рұқсат етілді. Телібековке емтихан шарттары өзгертілмейтіні айтылды. "Не айырмашылығы бар? Мен әңгімеден бастаймын", - деді Телібеков. 

Лингвистика комиссиясының басшысы "Сіз жазба жұмысынан бастауыңыз керек" деп түсіндірді. Кейінірек ол басталып үлгермеген емтиханды доғаруға мәжбүр болды. "Біз сізден емтихан қабылдамаймыз", - деп тұжырым жасады Жолдасбеков. Ол журналистерге комиссия қызметінде мұндай жағдайдың бұрын-соңды болмағанын айтты. "Ол өзінің қазақ тілін білмейтінін осылайша жасырмақ болған шығар", - деді лингвистика комиссиясының басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан президенттігіне үміткерлерден өтініш қабылдау 15 наурыз күні сағат 00.00-де аяқталған еді. ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтің хабарлауынша, 16 наурыз күнгі сағат 00.01-дегі мәлімет бойынша, Орталық сайлау комиссиясында 27 өтініш болды.

Бұған дейін бес үміткердің лингвистика комиссиясының емтиханынан өтіп, ұсынылған талаптарға сай келетіні хабарланған еді. Олардың арасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар - Лимана Қойшиева, Қанат Тұрагелдиев, Әбілғазы Құсайынов бар. Оларға қол қою парақтары берілді. Сол сияқты 16 наурыз күні "Аңыз адам" журналының редакторы Жарылқап Қалыбай да қазақ тілі емтиханынан сәтті өтті

15 наурыз күні қазіргі Мемлекет басшысын қолдаушылардың жарты миллион қол жинағаны белгілі болды. Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети