Мұрат Жүребеков ҚР энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Жүребеков ҚР энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды © primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Strathclyde университетін (Шотландия), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

2001-2002 жылдары - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы, 2002-2004 жылдары - "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері, 2004-2005 жылдары - "Аджип ККО" компаниясында Өкілетті органының техникалық тобы жанындағы маманы, Лондон қаласы, 2005-2010 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 

2010-2017 жылдары "PSA" ЖШС жұмыс істеді. Келісімшарттар мен маркетинг монторингі департаментінің директорының орынбасары; бизнес пен жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі басқарушы директор; экономика, қаржы, аудит пен бюджет жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 

2017-2019 жылдары - "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы). 2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети