Мусин АҚШ-та Тоқаевпен кездескен қазақстандық жастар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мусин АҚШ-та Тоқаевпен кездескен қазақстандық жастар туралы айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та Президентпен кездескен қазақстандық DigitalNomads жастары туралы айтты. Бұл туралы министр Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та Президентпен кездескен қазақстандық DigitalNomads жастары туралы айтты. Бұл туралы министр Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұхит асып, АҚШ-қа іс сапармен келдік. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан DigitalNomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Қауымдастық - әлемнің түкпір-түкпірінде алпауыт технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақстандық IT-мамандардың басын біріктіріп отыр. Атап өтерлігі, DigitalNomads біздің министрліктің бастамасы бойынша құрылған болатын. Бүгінде оның құрамында 400-ден астам IT-маман бар", - деп жазды министр.

Кездесуге жер жаһаннан 30-дан астам IT-маман келген. Бағдат Мусиннің айтуынша, IT-саласының өзекті мәселелері талқыланған, атап айтқанда, олардың қазақстандық мамандардың жаңа буынын дайындауға көмектесуі, спорттық бағдарламалау және венчурлық инвестициялар бойынша жобаларды іске асырып жатқаны туралы айтылған.

"Бұдан бөлек, DigitalNomads өкілдері шетелдік IT-материалдарды қазақ тіліне аударуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр. Осылайша, олар елімізден жырақта болса да, мыңдаған шақырым жерде тұрып, Қазақстанның тұрақты дамуына үлестерін қосып жатыр.

"Ұйымдасқан ұтады" - деген қанатты сөз бар! Бір табысты мысалға тоқтала кетейін. Бір кездері АҚШ пен Еуропаның жоғарғы оқу орындарында білім алған Үнді елінің азаматтары, қазақ жастары сияқты өздерінің IT-мамандарының қауымдастығын құрған болатын. Уақыт өте келе осы топтан шыққан Үнді жастары әлемдегі танымал IT-компанияларда басшылық лауазымдарды иеленді. Қазіргі уақытта олар өз отандастарының стартаптарын қолдай отырып, өздерінің еліне қомақты инвестиция тартып жатыр. Мен қазақ жастары да отандық IT-саланы қолдай отырып, туған еліміздің дамуына қолұшын созғанын қалаймын", - деп жазды министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети