Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанада ұялы байланыс сапасын жақсарту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер сол жағалаудағы байланыс сапасы қашан жақсаратынын сұрады. Осыған дейін басқарма басшысы интернет пен байланысы нашар жерлер жаздың аяғына дейін азаятынын мәлімдеді.
"Мен ЭКСПО аумағынан өттім, ол жерде байланыс жақсарды. "Хан Шатыр" ауданында екі базалық станция орнатылды, жоғары көрсеткіштер бар. Бірақ қосымша айыппұл салып, тағы екі ай уақыт бердік.
Әкім кеше кеңес өткізді. Өйткені бізге әкімдіктен жер телімдері қажет, ол бұл жұмысты күшейтті. Қазір жер телімдері бөлініп, құрылыс басталып кетті. Қазірдің өзінде жер іздеп жатырмыз. Әрі қарай әкімдік жұмыс жасайды, біз өзімізге жер телімдерін бөле алмаймыз", - деп түсіндірді Мусин.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі проблемалық 47 мекенжайдың 16-сы келісім беріп, дайындық жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!