Мусин "Азаматтарға арналған үкіметтегі" "ұсталуға" қатысты сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мусин "Азаматтарға арналған үкіметтегі" "ұсталуға" қатысты сұраққа жауап берді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің "ұсталуы" туралы бұған дейін тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл ақпараттың БАҚ-та тарағанын білмедім. Сүйеніш Әбділдин жұмысында. Негізі ҚМА қызметкерлері келді, белгілі бір сұрақтар қойды, басқа да іс-шаралар болды, бірақ қазіргі мәселелер бойынша сұрақтардың бәрі - ҚМА-ға, олар бізге ақпарат бермейді.

Кеше Әбділдин және басқа да басшылар жалпы жиналысқа қатысты. Мен олардан жағдайды сұрадым, олар ҚМА қызметкерлері келіп, белгілі бір шаралар өткізгенін айтты. Басқа сұрақтар ҚМА-ға. Мен оны таңдадым (Әбілдинді -еск.), оны кәсіби маман, IT маманы ретінде және азамат ретінде де жақсы деп сипаттай аламын", - деді Мусин Үкімет кулуарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети