Мусин жүргізуші куәлігін емтихансыз қалай алуға болатынын видеоға түсірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мусин жүргізуші куәлігін емтихансыз қалай алуға болатынын видеоға түсірді видеодан алынған кадр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барып, "Құпия сатып алушы" емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алатынына куә болғаны туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барып, "Құпия сатып алушы" емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алатынына куә болғаны туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Мусиннен ОКҚ брифингінен кейін жақында мамандандырылған ХҚКО-ға жасаған сапарының нәтижелерін бөлісуді сұраған.

"ХҚКО-ға барып жүргізуші куәлігін алу процесінде заңбұзушылықтарға тап болдым. "Азаматтарға арналған үкімет" ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері түсірген видео заңбұзушылықтарды алдын алуға нақты негіз болды. Қазір мемлекеттік корпорация қызметкерлері еліміз бойынша осындай деректерді анықтап жатыр. Материалдар одан әрі талқылау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі", - деді Мусин.

Видеода министр ешкім танымауы үшін көзілдірік киіп, экспериментке қатысушы құпия сатып алушымен бірге таңғы сағат 10 шамасында арнайы ХҚКО-ға кіріп, жүргізуші куәлігін алуға келіскен. Олар бірігіп қажетті адамды тауып, оған құжаттарын, қолхат беріп, практикалық және теориялық емтихандарды тапсырмай-ақ дайын жүргізуші куәлігін алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

"Арнайы ХҚКО-да жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихандарды өтпей-ақ алуға болады деген шағымдар көп. Мен мұның шын мәнінде қалай болатынын өз көзіммен көргім келді. Негізінде, бәрі тәртіп бойынша болды. Кірдік, құжаттарды тапсырдық, тіркеу нөмірі, түбіртектер, ЖСН бар, содан кейін база арқылы мұның қалай жасалатынын көреміз", - деді Мусин.

Бұған дейін Бағдат Мусин қарапайым клиент ретінде Нұр-Сұлтандағы ХҚКО-лардың біріне барып, мекеме жұмысының кемшіліктері мен оларды жою үшін қабылдауға шешім қабылданған шаралар туралы айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети