Мусин қазақстандықтарды 4G, 5G мұнарасынан қорықпауға шақырды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мусин қазақстандықтарды 4G, 5G мұнарасынан қорықпауға шақырды Фото: elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды 4G және 5G мұнарасынан қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды 4G және 5G мұнарасынан қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл антенналарға үреймен қараудың керегі жоқ. Олардан бөлінетін радиотолқынның мөлшері микротолқынды пешпен бірдей. Кейбір тұрғындар базалық станцияны үйден алып тастауды сұрайды. Себебі, олар радиотолқын шығарады екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тиіс норма сақталып отыр. Қазақстандықтардың назарын осы мәселеге аудартқым келеді. Интернеттің сапасына қатысты мәселе бар екенін мойындаймыз. Бірақ бұл бір күнде шешілетін мәселе емес, олар инфрақұрылымдық жобалар болып саналады", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Бағдат Мусин интернеттің сапасына қатысты мәселені қысқа мерзімде шешу мүмкін емес екенін атап өтті. Ол әрбір үйге оптикалық-талшықты кабель жүргізісі келетінін, бірақ оның құны өте қымбат екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети