Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сан-Францискода түркі мемлекеттерінің стартаперлері үшін IT-хаус құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сан-Францискода түркі мемлекеттерінің стартаперлері үшін IT-хаус құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр Бакуде IT-технологияға жауапты түркі мемлекеттері ұйымдарының басшыларымен кездесті.
"Біраз мәселе талқыланды, соның ішінде заманауи инфрақұрылымдар, коммуникацияның қолжетімділігі мен сапасы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтылды. "Цифрлық Жібек жолы" бірегей жобасы аясында барлық түркі мемлекетін Еуропамен байланыстыратын Каспий оптикалық кабелінің құрылысын талқыладық. Қазақстанның цифрлық үкімет саласындағы жетістіктері мен электрондық қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейі туралы айттым", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Мусин Түркі мемлекеттерінің VIII саммиті кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттерде инновациялар мен стартаптарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін еске салды.
"Мемлекет басшысы түркі елдеріне ортақ заманауи инновациялық технопарктер орталығын құруды да ұсынды. Технопарктер, стартаперлер және IT-кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін бірқатар шешімдер жайлы сөз қозғадық. Солардың бірі - Түркістан қаласында Түркі елдерінің заманауи инновациялық технопарктерінің орталығын құру. Жеке тәжірибеме тоқталып, елдеріміздің стартаптарының бірлесіп жұмыс істеуіне серпін бола алатын ұсынысымды да ортаға салдым.
Кезінде IT-интрапренер болғанда Кремний алқабына барып, конектингке қатысты бірқатар қиындықтарға тап болғанмын. Бұл ретте Түркі аймағының стартаперлеріне орналасуға (қонақүй, хостел) немесе Калифорнияда қажетті байланыс көздерін табуға көмектесетін бірнеше қызметкері бар "IT-хаус" ашылса жақсы болар еді. Осы орайда мен әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің жобасын ұсындым", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!