М. Оңдағанов сот залында
Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласындағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соты Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов пен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін судья Ақгүл Қарасаева сот үкімін жария етті. "Соттың үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған Мүсілім Оңдағанов 12 жылға, Меңдіхан Жәкенов 11, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады және дүние-мүлкі тәркіленеді", - деді А.Қарасаева. Аталған төрттік мемлекетке 170 млн. 302 мың теңге шығын келтірді деп айыпталған болатын. Сотталғандардың адвокаттары шығарылған үкіммен келіспейтіндігін және заңмен белгіленген мерзім ішінде апелляциялық шағым түсіретіндіктерін айтты. Адвокаттардың бірі Абзал Құспан журналистерге: "бұл істің тапсырыспен көтерілгені әу бастан белгілі болған. Сондықтан шағым түсіріледі" деп мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласындағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соты Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов пен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Бүгін судья Ақгүл Қарасаева сот үкімін жария етті. "Соттың үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған Мүсілім Оңдағанов 12 жылға, Меңдіхан Жәкенов 11, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады және дүние-мүлкі тәркіленеді", - деді А.Қарасаева.
Аталған төрттік мемлекетке 170 млн. 302 мың теңге шығын келтірді деп айыпталған болатын. Сотталғандардың адвокаттары шығарылған үкіммен келіспейтіндігін және заңмен белгіленген мерзім ішінде апелляциялық шағым түсіретіндіктерін айтты. Адвокаттардың бірі Абзал Құспан журналистерге: "бұл істің тапсырыспен көтерілгені әу бастан белгілі болған. Сондықтан шағым түсіріледі" деп мәлімдеді.