Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің гонорары жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің гонорары жайлы айтты

ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің алдағы концертінде алатын гонорарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің алдағы концертінде алатын гонорарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өздеріңіз білетіндей, 27 маусымда "Астана Аренада" Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Димаш Құдайберген бірге ән айтатын жұлдыздармен белгілі бір келісімшартымыз бар. (...) Жас музыканттың деңгейінде өте жақсы гонорар болады, орта деңгейдегі музыкантқа бұл гонорар орта деңгейлі болады", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.

Алайда ол әртістің гонорары нақты қанша болатынын айтудан бас тартты. 

"Бұл өте қолайсыз, бұл оның өз шаруасы, орынсыз болады. Бұл гонорар үшін өтетін концерт емес, орындаушымыздың тұңғыш ірі шарасы болмақ. Жалпы мен заң тәртібінде жеке келісімшарттың ережелерін сақтауды ұстанатын адаммын, заңды бұзуға құқым жоқ", - деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, ол Астанада өтетін концерт билеттерінің 50 пайызы сатылып кеткенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети