Мұхамедиұлы үкімет басшысының күлкісін келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлы үкімет басшысының күлкісін келтірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы кезінде туризм саласы бойынша экономиканы дамытуға климаттық жағдайлар бөгет болып отырғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы кезінде туризм саласы бойынша экономиканы дамытуға климаттық жағдайлар бөгет болып отырғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде тұру мен тамақтану сияқты көрсеткіштер бойынша жетістік жоқ. Бірінші тоқсанда - қаңтар, ақпан, наурыз айлары. Туризм бойынша жақсы уақыт - жаз бен күз. Жыл соңында барлық көрсеткіш бойынша жақсы нәтиже көрсетеміз. Екіншісі, Бақытжан Әбдірұлы, бізде театр, музей, кітапхана, ботаникалық бақтарға бару бойынша көрсеткіш төмен. Біз индекатор, әдістемеге қарсы емеспіз, бірақ, ақпан мен наурызда аттракциондарға бару қиын - суық. Зоологиялық және ботаникалық бақтарға", - дейді министр. 

"Жазда ыстық, қыста суық. Енді не істесе болады? (күлді)", - деп атап өтті премьер-министр Сағынтаев. 

"Әрине, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, қыста зоо, ботаникалық бақтарға барамыз, бірақ, өте қиын", - дейді Мұхамедиұлы. 

Сағынтаев үкімет бекіткен мақсатты 24 индикатордың тоғызы бойынша тежелу барын атап өтті. 

"Күлеміз, бірақ, жұмыс істеу керек. (...) Мұндайды алғаш қолданып отырмыз. Ешқандай сылтауларыңыз қабылданбайды. Жұмыс істеңдер, нәтиже көрсетіңдер. Елбасы міндет қойды - орташа мерзімді кезеңде - бес пайыздық өсім көрсету. Ауа райын, табиғатты сылтаурата берсек қойылған міндеттерді орындай алмаймыз", - деді премьер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети