Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды © Tengrinews.kz

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Талғат Жанібеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мухамедиулына қатысты бейнеролик жариялаған еді.

Мұхамедиұлы өз кезегінде Талғат Жәнібековті ҚР ҚК-ның 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

Сот Талғат Жәнібековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, А.Мухамедиулының абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК (1 миллион 60 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети