Мұхтар Тайжан митингке шақыру ісі бойынша ұсталғандарды босатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Тайжан митингке шақыру ісі бойынша ұсталғандарды босатуды сұрады

Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті - Мұхтар Тайжан Бас прокуратурадан митингке шақырды деген күдікпен ұсталғандарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті - Мұхтар Тайжан Бас прокуратурадан митингке шақырды деген күдікпен ұсталғандарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында ол қабылданған шешімді қайта қарауды ұсынды. "Андрей Николаевич, қазір бізге, комиссияға бүкіл халық қарап отыр. Біз бір жағынан тыныштандырып жатырмыз. Дегенмен екінші тарап та сабырлы болуы керек. Сіздерді түсінемін, оларды рұқсат етілмеген шеру ұйымдастырды деп отырсыздар. Дегенмен олар әлі мұндай қадамға барған жоқ қой. Сіздер полиция күш қолданған жоқ дейсіздер. Дегенмен сондай қадамға барды, видеосы да бар. Кейбір үйлерде түнде тінту жүргізілді. Түсінесіз бе? Қазір барлығымыз да өте мұқият, сабырлы болуымыз керек. Жауапкершілік мына адамдарға қарағанда мемлекет пен ұйымдастырылған институттарға жүктеледі. Ондағы кейбір қыздардың жасы небәрі 24-те. Оларды уақытынан бұрын бостауды сұраймын. Олардың артында отбасылары, достары бар. (...) Президенттңі өзі әлемнің алдында масқара болмау керек екенін айтты. Қазірден бастап басқа көзқараспен қарайық. Олар бұзақылар, бандиттер емес. Олар жүрек қалауларымен шықты, эмоциямен шешім қабылдады. Барлығы бірдей өзін ұстап қала алмайды ғой. Мені жаңа ғана бірінші топтың жетекшісі етіп сайлады. Сондықтан да осы мәселеге қатысты сізбен байланыса аламын деп үміттенемін. Сізге дүйсенбіден бастап осы мәселемен айналысуды ұсынамын", - деді Тайжан.

Кравченко бұған дейін комиссия отырысы барысында республика бойынша 40-қа жуық адамның ұсталуына қатысты өз ойын білдірген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети