03 тамыз 2020 14:11

Музей қорындағы "каурилер"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Жібек жолының алғашқы сауда байланыстары б.з.д. III-II ғасырларда пайда болып, басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болғандықтан "Жібек жолы" деп аталғаны белгілі. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар тасмалданған.


Ұлы Жібек жолының алғашқы сауда байланыстары б.з.д. III-II ғасырларда пайда болып, басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болғандықтан "Жібек жолы" деп аталғаны белгілі. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар тасмалданған.

Мұндай экзотикалық тауарлардың тізімі өте көп болған. Олар: хош иісті заттар – жасмин иіс майлары, мускат жаңғақтары; женьшень мен дәрі-дәрмектер; кілемдер мен кенептер, бояулар мен минералдық шикізаттар; алмас, яшма, янтарь мен теңіз маржандары, морж азу тістері, піл сүйегі мен алтын, күмістер; садақ-жебелер, қылыш пен найзалар т.б заттар еді. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму жолына айналды.

Соңғы жылдарда Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Тараз, Отырар Шауғар, Ясы Түркістан деп аталатын ортағасырлық қала орындарындағы қазба жұмыстары барысында сауда керуендері арқылы өзге құрлықтардан тасмалданған заттар көптеп табылды. Олар негізінен әр түрлі тұрмыстық және әшекей бұйымдарымен бірге олардың жекеленген бөліктері болды. Солардың ішіндегі Түркістан өңіріндегі Шербай, Шпан, Сидақ, Шойтөбе, Сауран, Ясы қала орындарынан алынған олжалар "Әзірет Сұлтан" музей қорының сирек жәдігерлер қорында сақтаулы. Нақтылай кетсек металлдан жасалған айналар, фарфордан жасалған ыдыс бөліктері мен бағалы тастардан жасалған әр түрлі моншақтар мен жалған жүзік түріндегі мөрлер. Қазбалар барысанда табылған әр түрлі әшекейлік бұйымдар сол кезеңдегі әйелдердің әсемдікке құштарлықтарын көрсетуме бірге, діни-магиялық негізі себептерінің де болғандығын білдірсе керек. Ерте кезеңдерде түрлі аңдардың азу тістерін, теңіз бақалшақтары мен т.б. заттарды тағу қожайынына күш беріп, түрлі қауіп-қатерден сақтайды деген наным-сенімге байланысты болған. Әшекей бұйымдар әр халықтың өзіндік сыр-сипатын, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген түсінігін қалыптастырады.

Біз тақырыбымызға арқау етіп, ерекше әшекей бұйымдардың бірі болған, музей қорындағы сирек жәдігерлердің бірі «кауриді» алып отырмыз. Каурилердің Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы қазбалардан да көптеп табылуы, әлемнің көптеген халықтарының дәстүрлі әшекейлерінің бірі болған білдіреді. Кезінде курилерді сақ патшайымдары өздерінің алтынданған әшекей бұйымдары бола тұрса да, армандаған деседі. Оларға дәлел Үнді мұхиты жағалауларындағы экзотикалық жемістердің сүйектеріне ұқыптап салынған каурилерді археолгтар Алтай және Қазақстан жеріндегі әйелдер жерленген қорымдардардан тапқан болатын. Каурилер өз иелеріне өте қымбат болғандықтан қайтыс болғаннан кейін, оларды өздерімен бірге басқа әлемге алып кетуге бірге жерлеген екен.

Ендігі жерде, қалыптасқан атау бойынша каурилерді бақалшақтар немесе ұлу қаңқалары деп атайтын боламыз. Ежелгі уақыттарда бақалшақтар бірнеше құрлықты бағындырып, жүзжылдықтарда халықтардың тағдырын, экономикаларын басқарды десе, ал кейбір елдерде әйелдерге бақыт әкелетін зат деп қараған. Мәселен бақалшақтарда әйелдердің ұрпақ жалғастыруға қабілеттіліктерін жақсартатын және бедеуліктен қорғайтын сиқырлы күш болуымен бірге , оларда тіл көзден сақтайтын құдірет бар деп тұмар ретінде тақты. Қытайда бақалшақ қабығы - инь әйел принципінің символы болып саналды. Сонымен бірге әйелдер бақалшақтарды моншақ, білезік ретінде тағумен бірге киімдерді әшекейлеу үшін де қолданған. Жалпылама барлық бақалшақтардың пішіндері сопақшалау және іштері қуыс болып келеді. Олардың кей бір түрлерінің бір беті сопақша саңылауы болып, екінші бетіндегі көрінісі адам анатомиясындағы ерін тәрізденіп қусырыла кішкене иректелген. Түстері фарфор тәрізді немесе ақшыла-сары бақалшақтар "жылан басы" деген лақап атымен әлемнің ондаған әр түрлі тілдерде белгілі болған. Барлық бақалшақтың түстері ақшыл фарфор тәрізденіп жылтыр болып келеді.

Бақалшақтар қазба жұмыстары кезінде б.з. І ғасырларынан бастап кездеседі. Ерте замандарда Үнді мұхиты жағалауы елдері ақша ретінде де, әшекейлік бұйым ретінде де сән үшін қолданған. Ақша ретінде кауриді Қытайда 3500 жыл бұрын пайдаланып, металл ақша шыққан кездің өзінде де Юньань провициясында ХІХғ. дейін пайдаланып келген. Каурилер Қытайдан Кореяға, Жапонияға.Индияға, Тайланд, Филиппин аралдарына тараған. Индияда 2 мың жыл бұрын пайда болып, ІҮ-ҮІ ғасырларда кең тараған. Каурилер керуен жолдары арқылы әлемнің көптеген елдеріне Орта Азияға, Еуропа, Африка елдеріне де жеткен. Үнді мұхиты елдері де ақша ретінде пайдаланып, өзге елдерге ақша орнына айырбас заты ретінде таратқан. Олардың бағасы түсі мен көлеміне қарай бағаланған. Латынша каурилерді cyprea moneta деп атаған. Ұлу қаңқалары теңіз мұхит түптерінен алынатын болғандықтан жағалаудағы елдер үшін ақша орнына айырбас саудада қолданатын қымбат бағадағы бұйым ретінде жүрген. Теңізден алынған каурилерді екіге жарып арнайы шеберлер жылтыратып тазалап айналымға шығарған. Каурилерді ең алғаш ақша ретінде теңіз жағалауларында орналасқан мемлекеттер пайдаланған. Әлемде Үнді мұхитынан алынған ақшыл түсті, ұзындықтары 2-3 см келетін каурилер ең сапалы каурилер болып есептелген.

Ал теңiздердiң жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретiнде теңiзде өмір сүретін қабыршақты бақалшақтар қолданған. Олардың iшiнде ең көп тарағаны ақшыл сары түстi, үлкендiгi түймедей - каури деп аталатыны. Әшекей ретiнде жiпке тiзген каури Үндiстанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында да ақша ретiнде жүрген. 

Кезінде осыншалықты халықтың зор беделіне бөленген бақалшақтар Үнді және Тынық мұхитының таяз суларында мекендейтін кішкентай тіршілік иесі екен. Бақалшақ деп көптеген омыртқасыздардың денесін жауып тұратын сыртқы қорғаныш қаңқасы атайды. Кішкентай моллюскілердің бақалшықтарынан меруерт және оның бір түрі - інжу өндірледі. Бақалшақтардың қорланып шоғырлануынан көптеген шөгінді таужыныстар түзіледі; Қарапайым түрде түсіндіретін болсақ, бұлардың әдетте іші қуыс, бос болады, яғни өліп қалған кейбір теңіз жануарларының бұрынғы «үйшігі» деп түсінген дұрыс. Дей тұрғанмен, ұлулар орманды алқаптарда да, өзендерде де кездесетінін білгілі.Сонда қалай оларды  құрлықтардан да жинай береміз ба деп ойланып  қалуымыз да ғажап емес. Ал біздің қолдағы каурилерді "ұлу" деп аталатын /былқылдақ денелілер/ теңіз жануары түзген. Олар жұмсақ терілерін қорғайтын қалқандарда (бақалшық) өмір сүреді. Бақалшақ- ұлудың қаңқасы немесе жануардың бір бөлігі деп айтуға болады, яғни, ұлу оған денесімен бекіп орналасқан. Былқылдақ денелілер өз "үйлерін" ешқашан тастап кетпейді. Бақалшақ - ұлудың белгілі бір бездері судан әкті тарту арқылы түзіледі екен.

Музей қорында Сауран, Шойтөбе, Сидақ ата  археологиялық қазбалар барысынан әр түрлі хронологиялық кезеңдерді қамтитын елуге жуық бақалшықтар табылған. Олардың ішінде жоғарыда атап өткендегіміздей түстері ақ фарфор тәрізденген ӘСММ кк 1220 ХV- ХVІІІғғ. және ӘСММ кк 697/1-4 VІІІ-ІХғғ. тән бақалшықтарды ерекше атағанымыз жөн. Өлшемдері бойынша: ұзындықтары 1,2 см -1,8 см аралығын қамтиды. Бұлар Шойтөбе және Сауран қазбаларынан табылған. Мұнан бөлек Сидақ ата қазбасынан табылған, көмбе зеттарымен бірге  шыққан ӘСММ кк 3165/1-32 ІV-VІ асырларға тән бақалшақтар да бар. Бұлардың жалпы саны 32 дана музей қорындағы басқа бақалшақтарға қарағанда ғасырлары ерте болғандықтан сақталуылары нашарлау. 

Кезінде бұл бақалшақтарды моншақ етіп мойынға немесе, білезік ретінде қолға тақты ма? Әлде ақша ретінде  айналымда жүрді ме? Ол жағы бізге белгісіз. Біздің білетініміз, шет елден тасмалданған ең асыл зат ретінде өткен ғасырларда адамдар өз қажетіліктеріне пайдаланғандығы және болашақта да, көрерменнің көз айымына айналып көпшілікті таңғалдыратын музей қорындағы құнды жәдігерлердің бірі болып қалатындығы.

Ә. Егеубаева

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети