Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте сағат 19.00-де қаланың басты open-air-алаңы - Абай даңғылында, Республика сарайының алдында өтеді. Кіру тегін.
Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күніне орай Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
19.05: Фестивальді қазақстандық музыканттар ашады! Steppe Sons тобы қазақстандық DJ Edige-мен бірлесіп өнер көрсетеді!
Steppe Sons - модерн-этно-джаз ұжымы. Топ композицияларында тек қазақ халық аспаптарының жанды да күшті дыбысталуы бар. Музыканттар мақсатымыз деп фольклорлық аспаптардың шынайы таза дыбысын танымал етуді айтады. Олардың орындауында қазақ халық аспаптары барлық этникалық ерекшелікті сақтай отырып, түпнұсқалы түрде өзге дыбыста ұсынылған.
Ал Edige Таяу Шығыс және қазақ халық музыкасына сүйенген. ZVUK Collective резиденті, Boiler Room-да Алматының заманауи техно-сахнасын ұсынады. Түрлі кештердің ұйымдастырушысы, сондай-ақ U жобасын құрушысы.
19:20: "Әрине, алаңдаймыз. Сонымен қатар, арадағы үзілістен кейін 2,5 жыл өтті. Толқу бүгін ғана емес, әрқашан біздің әрбір фестиваль алдында болды және болады да. Бастау әрқашан осындай қызық. Бұл біз үшін де, жалпы Орталық Азия үшін де мүлдем жаңа жоба. Бізге дейін мұндай шараны ешкім жасаған жоқ. Бұл біздің компания үшін ғана емес, біздің елімізде дамып, диджейге келген жұмыс істейтін барлық жас үшін де үлкен тәжірибе. Біз Ethnotronica Almaty электрон музыка фестивалі дербес күзгі іс-шара болады деп жоспарлап отырмыз. Әрине, бүгінгі фестивальден табыс күтеміз!" - деді Ethnotronica Almaty бас продюсері Жан Қастеев.
19.30: Келесі болып сахнаға Таулы Шориядан келген керемет орындаушы Шылтыс (Chyltys) пен қазақстандық диджей Kokonja-мен бірге шығады.
Chyltys-тың вокалын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әншінің дауысы ерекше және ең жоғары тембрден бастап көмеймен айту әніне дейін өзгереді, бұл әйел дауысы үшін өте сирек кездеседі. Шор фольклоры батырлық жыр-дастандарға негізделген: батырлар туралы аңыздар, ертегілер мен аңыздар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, сонымен қатар, аңшылық, үйлену, махаббат, мақтау және тарихи әндер.
Kokonja - жас DJ, ZVUK ұжымының резиденті, Boiler Room-да алматылық электрон сахнада өнер көрсеткен. Ырғақтар, брейкбит, жабайы перкуссия және азиялық грув би алаңында өнер көсретеді, оны шексіз бидің дыбыстық бейнесіне айналдырады. Ол үшін музыка - қазақ мәдениеті мен тілінің маңызын қайтара алатын күш. Kokonja сонымен қатар көрнекі және саунд-суретші, оның жұмыстары Қазақстанның галереяларында қойылды, ал биыл олар Германияның Кассель қаласындағы Documenta заманауи өнер көрмесіне қойылды.
19.55: Музыканттарға АRTballet (Украина/Қазақстан) би ұжымы қосылды.
АRTballet ұжымын арнайы Ethnotronica Almaty-ға Украина мен Қазақстанның бишілері құрды. Оның қатысушылары әр уақытта Қазақстанда ("Бала дауысы", Turkvision және "Биле, Қазақстан!"), сондай-ақ Украинада (Eurovision 2017, Got to be free мюзиклі және Eva Stories сериясы) өнер көрсеткен.
20.00: Сахнаға академиялық музыка және эстрада индустриясында көпжылдық тәжірибесі бар қобызшы Layla-Qobyz шықты. Ұлттық аспапта ойнай отырып, ол дыбыстық әралуандылықты дамытып, халық әндерін де, Queen, Aerosmith және Nirvana хиттерін де орындады. Өз арманын жүзеге асыру және басқа қобызшыларға әлемдік аудиторияға шығуға көмектесу үшін ол электрқобыз жасауды қолға алды.
20.10: Шоуды Грузиядан келген Simi триосы жалғастырады! Вокал триосы 1988 жылы құрылған. Ұжым құрамында - Заза Вепхвадзе, Зураб Цкитишвили, Каха Асланишвили. Трио гастрольдермен барлық құрлықттың көптеген елінде болды, жалғыз Францияның өзінде орындаушылар 500-ден астам концерт қойған. Ұжым Грузия ордендерімен марапатталған.
20.25: "Біз осы тамаша концертті өз өнерімізбен аштық. Алматыда көрермен өте әдемі және құмарпаз. Мен оларға өте ризамын. Олар бізді өз қолдауымен қанаттандырады. Әртіс сахнада өнер көрсетіп, ал көрермен оны қолдаған кезде, бұл қосымша күш береді. Мен қазақстандық көрерменді ерекше жақсы көремін. Себебі олар біздің өнерімізді жақсы көреді, ал біз сіздерді жақсы көреміз. Біздің халықтарымыз бауырлас және мәдениетіміз өте жақын. Мен бұл фестивальге өте қуаныштымын. Мұнда бірінші рет өнер көрсетеміз. Ұйымдастырушыларға көп рақмет, өйткені олар біздің өнерімізді өте жоғары бағалайды", - деп бөлісті ABBOS тобының жетекшісі Равшан Юнусов.
20.35: Фестивальден суреттеріңіз бен видеоларыңызды бөлісуді ұмытпаңыз, ол үшін #ethnotronica және #spiritoftengri хештегтерін қолдану керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
20.50: Nuketai, Айжан Бектұрған және DJ Kokonja өнерін жалғастырып жатыр.
Nuketai (Нұрболсын Төлеухан) - Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (АҚШ, Жаңа Орлеан), Халықаралық "Шабыт" байқауының Гран-при иегері, Үнді симфониялық оркестрінің қатысушысы, Satzhan Project шығармашылық ұжымында өнер көрсетеді, сондай-ақ Nuketai Brass Band үрмелі оркестрін ұйымдастырған.
20.56: Ethnotronica Almaty сахнасында аты аңызға айналған Радик Тюлюш!
Ол Тываның ең танымал музыканттарының бірі, оның жұмысы бүкіл әлемді таңғалдырады, әйгілі Тываның көмеймен айту өнерінің алуан түрлі қыры бар. Ол World Music санатындағы ең беделді номинацияларда бірнеше рет жеңіске жеткен "Хуун-Хуур-Ту" және "Ят-Ха" топтарының қатысушысы. Ол әртүрлі әлемдік алаңда сәтті өнер көрсеткен өзінің "Чалама" жобасын жасады. Сондай-ақ, ол музыканттар Алексей Иванов және Шыңғыс Соржумен бірге "Radik & Mapa" жобасын ұсынады. Алексей Иванов - танымал "Иван Купала" этнопоп-жобасының қатысушыларының, композиторларының және аранжирлеушілерінің бірі. The Spirit of Tengri жобасының фестивальдеріне қатысу арқасында Радик Тюлюш қазақстандық аудиторияның сүйіктісіне айналды.
Радик Тюлюш қазақстандық электрон сахна әртістерімен - AlmaLogic жобасымен (Нариман Исенов және Мирхат Катауов) коллаборацияда Ethnotronica Almaty-да өнер көрсетеді. Радик Тюлюш пен Нариман Исеновтың бірлескен қойылымдарда тәжірибесі бар. Енді олар Ethnotronica Almaty-ға арнайы жаңа эксклюзив бағдарламасын дайындады, оны бірінші болып тыңдау қазақстандық көрерменге бұйырды.
21.05: Өнерпаздарға Kerekes Band тобының фронтмені Жомарт Фехер (Zsombor Feher) қосылды.
Kerekes Band музыкасы - мажарлардың колориті бар электрон өңдеудегі этно-фанк, джаз және рок-тың ерекше синтезі.
21.15: "Толған драйв, көрермен осындай энергия қайтарады. Бұл керемет болды! Мен Simi триосымен жұптастым - грузиннің вокал тобы. Мұндай коллаборацияны алғаш рет жасап көрдім, өйткені олар еркін музыка айтады, ал электрон музыка әлі де шектеулі. Мұның бәрін біріктіру өте қиын болды - әсіресе халық музыкасын электрон түрде түсіндіру күрделі болды, бірақ менің ойымша, біз жетістікке жеттік. Электрон музыкада жүргеніме 6 жыл болды, электрон музыка қазір қарқын алып жатыр, бірақ ол 90-жылдары танымал болды, ал қазір жаңа толқын жүріп жатыр. Мұндай фестивальдің болуының өзі керемет. Жарық, дыбыс, бәрі де кәсіби. Маған өте ұнады", - деді DJ Rufus өнер көрсеткеннен кейін.
21.20: Америкалық қонақ Рейчел Кенвуд алғаш рет Алматыға келіп, біздің фестивальді жаулап алды:
"Мен АҚШ-танмын, бірақ қазір Душанбеде жұмыс істеймін. Мен бүгін Алматыға келіп, осы таңғажайып фестивальге түстім. Мен мұндай музыканы бұрын-соңды естімеген едім, бұл өте керемет! Мұндай атмосфера. Мені бүгін қанша адам келді, олардың өз мәдениеті мен басқа елдердің мәдениеті қызықтырады. Мен дәл осы күні ұшып келгеніме және осы керемет фестивальде болғаныма өте қуаныштымын", - деп бөлісті ол.
21.35: "Керемет сезім! Біз ұзақ уақыт дайындалдық, соңында бәрі болды! Көрермен керемет, мен қанша адам келгеніне таңғалдым. Мен шығып, өзімді өте жайлы сезіндім, Шылтыс - мегакеремет орындаушы, мен онымен бірге шықтым, біз осы музыкалық ағынға қосылдық, қобалжуды тоқтаттым, бастысы ләззат алып, оны көпшілікке жеткізу болды. Менің ойымша, бұл өте жақсы болды", - деді Layla-Qobyz.
21.35: Сахнада DJ Edige-мен бірге тағы да Steppe Stars!
21.40: Оларға Abbos-тен Жомарт Фехер, Айжан Бектұрған және Равшан Юнусов қосылды!
21.50: "Қойылымнан кейін керемет сезім. Керемет көрермен, өте жанашыр. Бұл бұрын біздің концерттерімізге The Spirit of Tengri-де келген адамдар. Сонымен қатар, көптеген жас бала, электрон музыка әуесқойлары қосылды. Олардың тректердегі барлық нюанстар мен реңктерді сезінді деген реакциясы көрінді. Бұл өте қуантады", - деді Нариман Исенов.
21.55: "Биыл сәл өзгеше формат - Ethnotronica Almaty фестивалі музыканың электрон нұсқаларына ие және диджей құрамы өте керемет, музыканттар өте жанды. Халық сағынды, бұл көрініп тұр. Өте жылы және қуанышты. Атмосферасы бар. Халық қуанады, халық бізге - әртістерге жанашырлық танытады. Ковидке байланысты барлық шектеуден кейін бізге тек ойнауға ерік беріңіздер болды. Жалпы, өте керемет және көңілді! Мүмкіндігінше тырыстық. Нариман Исенов екеуміз бірінші рет өнер көрсетіп отырған жоқпыз, бізде жинақталған материал бар. Бұл жолы біз екі айға жуық дайындалдық, қашықтықтан жазбалар жасадық, бір-бірімізбен пікір алмасып, нәтижесінде бүгін сахнада не айтылды - бұл біздің маңдай термен жасаған әндеріміз бен тректеріміздің жемісі", - деді Радик Тюлюш өнер көрсетіп болғаннан кейін.
22.05: "Мен бүгін тағы да Қазақстанда болғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің үшінші келуім. Мен мұнда қайта келгеніме өте қуаныштымын, өйткені мен қазақстандық көрерменді өте жақсы көремін. Бұл фестиваль керемет. Kerekes Band тобымен бірге біз әлемнің 30-дан астам елін Ямайкадан Швецияға дейін, Дубайдан Қазақстанға дейін араладық және айта кетуім керек, біздің бүкіл топ Қазақстанды өте жақсы көреді және келесі жылы осында қайта оралсақ, біз өте бақытты боламыз. Бүгін мен қазақстандық екі диджеймен – RUUS және Edige-мен бірге өнер көрсетемін. Олар микстер мен аранжировкалар дайындап, барлық кәсіби шеберлігін мәдениетімізді біріктіруге жұмсады", - деді Жомбор Фехер.
22.20: Алматылық Әсем Нығматуллаева 2016 жылы The Spirit of Tengri фестивалінде алғаш рет күйеуімен бірге болды. Содан кейін ол тұңғышына жүкті болыпты. Іс-шарадан 10 күн өткен соң ол ұл тапты.
"Біздің сәбиіміз құрсағында этно-музыканы естіп, келесі жылы бізбен бірге The Spirit of Tengri фестиваліне алғаш рет келді. Содан бері біз жыл сайын бұл музыкалық оқиғаны өткізіп алмай келеміз. Бізге фестиваль өте ұнайды, өйткені музыка - халықаралық қарым-қатынас тілі. Ол адамдар мен елдерді біріктіреді. Сондықтан бұл фестивальді өткізіп алу мүмкін емес", - деді Әсем.
22.35: Фестивальдің барлық қатысушысы сахнада!!! Фестивальдің қорытынды аккорды - Күләш Байсейітованың "Гәкку" әні!
22.40: Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет! Келесі жылы кездескенше!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!