Мәскеуде Никитский көшесінде Мьянма елшілігінің алдында мұсылмандар рұқсат етілмеген митинг өткізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ведомости".
Мәскеуде Никитский көшесінде Мьянма елшілігінің алдында мұсылмандар рұқсат етілмеген митинг өткізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ведомости".
Басылым мәліметінше, елшілік алдында мұсылмандар жиналып жатыр және олардың саны уақыт санап асып жатыр. Құқық қорғау органдары адамдар жиналып жатқан жерге барды.
Жиналғандар Мьянма әскери үкіметінің мұсылмандарды қудалауына қарсы болып, қолдау білдіру мақсатында шыққан.
Бұл елде жағдай 25 тамызда ушығып кеткен, жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "Аракан әскері рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) 30 полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Буддистер мен мұсылмандар арасындағы қақтыңғыс салдарынан бір апта ішінде Мьянмада 402 адам қаза тауып, 18 мыңнан аса адам елден кеткен.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #arakan #rohingnya #аракан #prayforrohingya хештегтері бойынша жазба қалдырып жатыр.