Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Екінші айыпталушы Бишімбаевтың туысы - Бақытжан Байжанов сотқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Байжановтан бұған дейін берген куәлігінде неге "қазіргідей Бишімбаев туралы жаман айтпағанын" түсіндіруді сұрады.
Сотталушының айтуынша, ол алғашында қорыққан.
"Бірінші күні куәлік бердім, шынымды айтсам, қорықтым. Екінші күні ұсталғанда менің адвокатым болды. Сол адвокат маған: "Мынаны айтпа, мынаны айтпа" деді. Желтоқсанда мен ол адвокаттың Бишімбаевтың адвокаттарымен сөйлесетінін түсіндім. Сосын мен ол адвокаттың қызметінен бас тарттым. Осының барлығынан кейін мен сотталатын болсам да, шынайы куәлік бердім", - деп түсіндірді Байжанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!