Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ата-ана жергілікті әкімдік берген мектеп формасына шағымданды. Ол қызына дұрыс мектеп формасының орнына бірнеше есе үлкен киім берілгенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол әлеуметтік көмек алу туралы өтінішінде қызының нақты өлшемін көрсеткен. Алайда, әкімдік қызметкерлері қызына екі размер үлкен киімдер берген.
"Мынаны мектепке қалай киеді? Мен қызымның нақты размерін 34-36 көрсеттім. Мемлекет қаржысына қалай немқұрайлы қарауға болады?" - деп сұрайды видеодағы әйел.
Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова бұл оқиғаға қатысты пікір айту әлі ерте екенін айтты.
"Қазір ешқандай пікір бере алмаймын. Бірінші бұл шынымен біз берген киім бе, соны анықтауымыз керек", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін білім саласының мамандары мен ата-аналар одағының өкілдері елімізде мектеп формасының қаншаға қымбаттағанын, бұл ата-аналар арасында неліктен наразылық тудыратынын және бұл шығындарды қалай азайтуға болатынын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!