"Мынаны қалай киеді?" Жетісу облысында мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мынаны қалай киеді?" Жетісу облысында мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды Видео кадры

Жетісу облысының білім басқармасы ата-аналардың бірінің шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының білім басқармасы ата-аналардың бірінің шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылында оқитыны белгілі болды. Бастапқыда ол әкімдік тарапынан әлеуметтік көмек алушылар тізімінде болмаған. Кейін анасының өтініші бойынша оқушы қызға оқу құралдары табысталған екен.

Жетісу облысының Білім басқармасы ұсынған видео

"Қыздың мектеп формасы ауыстырылды. Ал керек-жарақтарды беру кезінде қателік жіберген мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды", - деді Білім басқармасы өкілдері.

Ал кішкентай қыздың анасы шағымына бірден жауап берген шенеуніктерге алғысын білдірді.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы тұрғындарының бірінің видео үндеуі пайда болды. Ол кішкентай қызына жергілікті әкімдіктен берілген формаға шағымданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети