Мыңдаған оралдық күнделікті тамағын қоқыстан табады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мыңдаған оралдық күнделікті тамағын қоқыстан табады ©alashainasy.kz

Орал қаласының қоқыс полигонында он күннен бері бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Онда қала тұрғындары консерві теріп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Орал апталығы» газетінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қоқыс полигонына күн сайын мыңдаған адам келіп ашық аспан астында жатқан консерві өнімдеріне таласуда. Полигонға консерві өнімдері «Батыс Сауда Инвест» ЖШС-нің отқа оралған қоймаларынан жеткізіліп жатыр. Өткен жылдың қаңтар айында серіктестіктің қоймалары белгісіз жағдайда өртеніп кеткен болатын. Енді, міне, сырты күйіп, қалбыры үріліп кеткен консерві өнімдері оралдықтардың сүйікті «тамағына» айналған түрі бар. «Консервілерді күн сайын «Камазбен» әкеліп төгіп жатыр. Сол кезде аңдып тұрған мыңдаған адам жан-жақтан ат қойып, пышақ үсті бөліп алады. Мұнда не жоқ дейсіз, қалбырдағы асбұршақ, жүгері, жеміс-жидек, шпрот және тағы да басқа өнімдерге сұраныс аса жоғары. Тіпті, қоқыс төгетін жерге қарапайым адамдармен қатар ауқатты, шетелдік қымбат көлік мінген азаматтар да келуге арланбайды», - дейді куәгерлердің бірі. Келушілердің көптігін көрген күзетшілер полигонға кіруді ақылы жасап қойыпты. Мысалы, кіретін әр көлік мың теңгеден ақша төлеуде.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети