Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Мемлекет басшысы азаматтардың шығынын ескеріп, АӘК көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойған болатын. Осыған байланысты отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдаланып, АӘК трансформациясы күтіледі.
Министрліктің әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманованың мәліметінше, бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігі пысықталып жатыр. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу, оқу ақысы мен қосымша білім алу, демалыс пен ойын-сауық, сауықтыру шығындары, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алу, кредиттерді өтеу және т.б. сияқты шығыстардың түрлерін көздеу жоспарланған.
"Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізу туралы емес. Тексерулер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі", - деді Айнұр Әбдірахманова.
АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі.
Ведомство мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасының 372 мыңға жуығы атаулы әлеуметтік көмек алған. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 миллиард теңге қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!