Мыңдаған тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін: Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң Парламент депутаттарының бастамасымен қабылданды және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Құжат 2025 жылғы сәуірде жария етілген Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленген.

Рақымшылыққа кімдер ілігеді:

Реклама
Реклама
  • қылмыстық құқықбұзушылықтар мен ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
  • зиян келтірмей немесе зиян толық өтелген жағдайда орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар;
  • әлеуметтік осал топтардың өкілдері.

Сонымен қатар, рақымшылық мынадай қылмыстар үшін сотталғандарға қолданылмайды: сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және басқа да бірқатар ауыр қылмыстар.

Заң Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Бұған дейін рақымшылық туралы заңды Мәжіліс депутаттары қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама