Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заң Парламент депутаттарының бастамасымен қабылданды және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Құжат 2025 жылғы сәуірде жария етілген Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленген.
Рақымшылыққа кімдер ілігеді:
- қылмыстық құқықбұзушылықтар мен ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
- зиян келтірмей немесе зиян толық өтелген жағдайда орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар;
- әлеуметтік осал топтардың өкілдері.
Сонымен қатар, рақымшылық мынадай қылмыстар үшін сотталғандарға қолданылмайды: сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және басқа да бірқатар ауыр қылмыстар.
Заң Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Бұған дейін рақымшылық туралы заңды Мәжіліс депутаттары қабылдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!