Мыңнан аса адам ауыр жағдайда жатыр - COVID-19 жұқтырғандар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мыңнан аса адам ауыр жағдайда жатыр - COVID-19 жұқтырғандар туралы © РИА Новости

2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы және коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы және коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, 62 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған. Оның ішінде 54 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже, ал сегізінде теріс нәтиже көрсеткен.

"19.07.2021 ж. коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 227 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 75 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар - 58 883, 3562 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 53 605-ке жетті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы 2021 жылғы 21 шілдедегі ақпаратты жариялап отыр.

21 шілдедегі мәлімет бойынша, 64 367 адам коронавирус инфекциясынан (62 651 КВИ+ және 1 716 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 20 050 пациент стационарда,
  • 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 157 адамның жағдайы ауыр,
  •  263 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  160 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда "қызыл" аймаққа кірмеген екі ғана облыс қалды. Ал кейінгі тәулікте 5 179 адамнан коронавирус анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети