Мырзахметов Тоқаевтың сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мырзахметов Тоқаевтың сынына жауап берді Асқар Мырзахметов © Тұрар Қазанғапов

Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мырзахметовты ауыл шаруашылығын дамыту үшін белсенді шешімдер қабылдауға шақырған болатын

"Әр министр келіп, жаңа бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама емес, жақсы тілектер ғана сияқты. 2020 жылы тағы бір бағдарлама ашылатын сияқты. Оның жарнамасын күшейтеді, 60 мың тонна етті экспорттау жоспары сияқты. Сенатта оның мүмкін емес екені айтылды ғой. Бұл бағдарламаны сонша жарнамалап, Елбасының аузына салып қойдыңдар", - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Асқар Мырзахметов жаңа бағдарламаның қатты жарнамаланғаны туралы сынға келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, министрлік өкілдері тек нақты деректермен сөйлейді. 

"Алдыңғы бағдарламада жоспарлық болмағанын есепке алсақ, жаңа бағдарламада бұл ескерілді. Нақты индикаторлар көрсетілген, сонда айтылғанның барлығы - бұл бағдарламаның іске асырылған тұстары. Бұл жарнама емес, біз нақты нәтижелерді айттық. Сондықтан әзірге тек жарнама жүріп жатыр деген сынмен келіспеймін. Бұл жарнама емес - бұл дерек", - дейді министр журналистерге отырыстан тыс жерде. 

Асқар Мырзахметов министр болып 2016 жылдың 6 мамырында тағайындалған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети