27 шілде 2017 | 15:13

Мысыр ұсталған студенттер туралы ақпарат бермей отыр - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каир. Иллюстрациялық сурет © vegypte.info Каир. Иллюстрациялық сурет © vegypte.info

ҚР СІМ өкілдері Мысыр тарапы ұсталған қазақстандық студенттер туралы ақпаратты осы уақытқа дейін бермегенін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ өкілдері Мысыр тарапы ұсталған қазақстандық студенттер туралы ақпаратты осы уақытқа дейін бермегенін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткен отандастарымыз туралы әлі ешқандай ресми ақпарат бермеді. Елдің ресми билік өкілдері олардың дені сау және қауіпсіз жағдайда екенін айтады. Каирдегі Қазақстан елшілігі ақпарат беру мен консулдың азаматтарымызбен кездесуіне жол беруін талап етіп отыр. Ресми емес ақпарат бойынша, Мысырдағы бірнеше лаңкестіктен кейін енгізілген қазіргі төтенше жағдай уақытында елдің арнайы қызметі қауіп төндіруі мүмкін тұлғаларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр", - деп жазған Facebook желісіндегі парақшасында ҚР СІМ өкілі Әнуар Жайнақов. 

Осыған байланысты Қазақстан елшілігі азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Осы жағдайға байланысты елшілік Мысырдағы Қазақстан азаматтары арасында жергілікті заңнама талаптарын сақтау мен өз құқықтары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. СІМ қазақстандық студенттер мәселесін ерекше назарда ұстап отыр. Бүгін Каирдегі Қазақстан елшісі осы мәселе бойынша Мысырдың Сыртқы істер минстрінің орынбасарымен тағы да кездеседі", - деп аяқтады сөзін Жайнақов. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети