Мысырда 6 қазақстандық жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда 6 қазақстандық жоғалып кетті Facebook/Қанат Берік және Еламан Жазылхан.

Мысырда 6 қазақстандық жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда 6 қазақстандық жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алты қазақстандық қазіргі уақытта жақындарымен байланысқа шықпай жатыр. Олардың барлығы бір пәтерде тұрған.

"Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Каирдегі Қазақстан елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігінен іздестіру жұмыстарына көмек көрсетулерін сұрап, нота жолдады. Біздің дипломаттар жоғалып кеткен қазақстандықтардың жақындарымен және туыстарымен тығыз байланыста", - деп хабарлады Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Айбол Исабек есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жоғалып кеткен қазақстандықтардың екеуінің есімін атаған болатын. Олар - Қанат Берік және Еламан Жазылхан. Оның айтуынша, екеуінің бірі оның ағасы екен. Олар Мысырға 11 шілдеде ұшып кетті. 

"Мысырға келісімен ҚР елшілігінде тіркеуге тұрды. 20 шілдеде мүлде байланысқа шықпады. Мысырдағы Қазақстан консулы Ершат қазақстандықтардың қай жақта екенін білмейді. Барлықтарыңыздан іздестіру жұмыстарына көмектесулеріңізді сұраймыз!" - деп жазды Айбол Исабек есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети