Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді полиция ұстап әкеткен - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді полиция ұстап әкеткен - ҚР СІМ Қанат Берік және Еламан Жазылхан. © Facebook

Дипломаттар Мысырда жоғалып кеткен студенттердің қайда екенін білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дипломаттар Мысырда жоғалып кеткен студенттердің қайда екенін білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір ғана келіп жеткен нақты хабарлама бойынша, тіл курсының алты тыңдаушысын Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткен. Қазір олар осы елдің аумағында. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Қазіргі кезде Каирдегі Қазақстан елшілігі студенттердің не үшін ұсталғаны мен қай жерде екенін білу мақсатында ресми жауап күтіп отыр. 

"Жақын уақытта Қазақстан елшісі Мысырдың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселеге қатысты кездесу өткізеді. Толық ақпарат кездесу қорытындысы бойынша беріледі. Бұл мәселе Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтқым келеді", - дейді Жайнақов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети