Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды Фото ©REUTERS

Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы бір жолаушыдан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы бір жолаушыдан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 қазанда таңертең жолаушы әйел Шарм-эль-Шэйхтен ПТР тестінен өтпей ұшып келген. Әуежайда бірден қаланың карантиндік стационарына жеткізілген, онда оған қажетті зертханалық талдаулар жасалған. Талдау нәтижелері бойынша жолаушыдан COVID-19 анықталды.

"Науқас ауруханада толық тексеруден өтіп, 5 күнге дейін болады. Егер клиникалық белгілер пайда бола бастаса, онда оған хаттамаға сәйкес қажет емдеу тағайындалады", - дейді аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде қалалық жұқпалы аурулар стационарында КВИ жұқтырған 29 пациент бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети