Мысырда ұсталған алты қазақстандық елге қайтып жатыр - ҚР СІМ

© ҚР СІМ

?аза?станды? дипломаттар Мысырда жо?алып кеткен ?аза?станны? алты азаматын елге ?айтару ?шін оларды Каир ?уежайына жеткізді. Б?л туралы ?Р Сырт?ы істер министрлігі баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов Facebook желісіндегі пара?шасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық дипломаттар Мысырда жоғалып кеткен Қазақстанның алты азаматын елге қайтару үшін оларды Каир әуежайына жеткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 тамызда кешкі уақытта Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып, осыған дейін ұсталған қазақстандықтардың елге қайтарылатынын хабарлады. Қазақстан консулы бірден әуежайға барып, қазақстандықтармен кездесті. Олардың жағдайы жақсы", - деп жазды Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ҚР СІМ өкілі олардың жақын арада Қазақстанға келетінін айтты. Бірақ Мысыр әлі күнге дейін қазақстандықтардың не себепті ұсталғанын мәлімдемеді. Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Мысырдың құқық қорғау органдары қазақстандықтардың ұсталуына қатысты қосымша толығырақ мәлімет беретін болады.

Реклама
Реклама

Ал кеше Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдаған болатын. 

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама