01 тамыз 2017 11:17

Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Мысырда ұсталған қазақстандықтармен болған жағдайға байланысты наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ Мысырда ұсталған қазақстандықтармен болған жағдайға байланысты наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысырда алты қазақстандықтың жоғалып кеткеніне 12 күн болды. ҚР СІМ мәліметінше, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні оларды Мысырдың арнайы қызметінің қызметкерлері ұстады. Алайда Қазақстан әлі күнге дейін Мысыр тарапынан ҚР азаматтарының не себепті ұсталғанын және қазіргі уақытта қайда екені жайлы ресми мәлімдеме естіген жоқ.

"Олардың (Мысырдың СІМ өкілдерінің - автор.) қазақстандық азаматтардың ұсталуына қатысты мәселенің мән-жайын анықтайтыны жайлы айтқан мәлімдемелеріне қарамастан, жағдай сол күйі өзгерген жоқ. Осыған байланысты Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасы жолданды. Біз Мысырдың билік өкілдерінен ұсталған қазақстандықтарға қатысты мәлімет беріп, бізге олардың ұсталуының себебін түсіндіріп беруін талап етеміз", - деді Әнуар Жайнақов ҚР үкіметінің ғимаратында.

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети