23 маусым 2020 | 15:06

Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камалжан Надыровтың айтуынша, Алматыда аурушаңдықтың өсуі жалғасуда, сондай-ақ ауыр түрімен ауыратын науқастар саны да артты.

"Бүгін мен коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам аурудың ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеуге көмектеседі деп ойлаймын. Жұқтырғандар үшін қолданылатын бұл әдіс тірі вакцинаның әсеріне ие және көпшілікке сауығып кетулеріне көмектеседі. Донор болу - әрбір адамның парызы.

Қазіргі уақытта Алматыда 2 мыңнан астам адам емдеуден жазылып шықты. Мен әрбір ауырып жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға шақырамын, осылайша коронавирустан емделіп жатқан көптеген адамдарға, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқасқа көмектесуге болады. Процедура ауыртпалықсыз және қауіпсіз өтеді. Дәл қазіргі жағдайда – вируспен күрес жағдайында барлығымыз бірігуіміз керек. Мемлекет жұқпалы аурумен күресуде үлкен көмек көрсетуде. Біз барлық қиындықтарды лайықты түрде жеңе аламыз деп сенемін", - деді Надыров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети