15 қаңтар 2019 | 11:19

Нағашы әжем 7 жыл бойы құлдықта ұстады - Ата-анасынан айырылған жігіт

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Túrkistan © Túrkistan

Өз туысынан зәбір көрген Семейлік жетім жігіт мал соңына салынып, одан қалса өзгелерге жалшылыққа жіберілгенін де айтады. Бала кезінде "ақыл-есі дұрыс емес" деп танылған жарымжан балаға апасы қамқорлық жасаудың орнына, қорлық көрсетіпті. Қазір мыңғырған малмен өмірін өткізген жас жігіт әпкесін паналап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Өз туысынан зәбір көрген Семейлік жетім жігіт мал соңына салынып, одан қалса өзгелерге жалшылыққа жіберілгенін де айтады. Бала кезінде "ақыл-есі дұрыс емес" деп танылған жарымжан балаға апасы қамқорлық жасаудың орнына, қорлық көрсетіпті. Қазір мыңғырған малмен өмірін өткізген жас жігіт әпкесін паналап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Есенбек Рахметов ата-анасынан ерте айрылып, 15 жасында жетім қалған. Оны Қайнар ауылындағы нағашы апасы асырап алыпты. Алайда, алғашында "еш жамандық көрмейсің" деп уәдені үйіп-төккен туысы баланы лезде аурулар қатарына қосып, анықтама жасатыпты. Осылайша, аяқ асты есі дұрыс еместер қатарына қосылған бозбала қыстақта мал бағып, малайдың қамытын арқалаған.

"Қашқанда Ежік апам өзі демалысқа жібермеді. Мамырдан бастап өзім қоңырау шалдым талай. Бірақ жібермеді. 4-5 ай өтті, үндегенім жоқ. И кетуге тура келді. Демалысқа жібермесе кім шыдайды оған 1 жыл? Демалысқа ешкім де шыдамайды 1 жыл. 280 мыңды ағама қайтадан қайтар қарызыңды жауып берем. Мына апам ақшамды өтеп берсе болды қайтып" - дейді құлдықта болған жігіт Есенбек Рахметов.

Есенбектің айтуынша мал бағумен бар уақыты өтсе де, оған берілетін тиын-тебенді нағашы апасы алып жүрген. Тіпті, ол үстіне киер жөні түзу киімі жоқ екенін айтады. Былтыр 2 ірі қараны ұрлатып, қожалыққа 280 мың теңге қарыз болып қалған. Ал өзге қыстақтың адамдарты талап етіп келгенде, апасы жетім жігіттің өзін саудалаған. "Малдың құнын осының өзін жұмсап өндіріңдер" деген көрінеді. Алайда, жалшылықтан жауыр болған Есенбек жақындарына қашып құтылыпты. Бірақ, нағашы апайы "мен жақсылықтан басқа жасағаным жоқ" деп азар да безер болды.

"Өзімнің туыстық парызымды өтеп отырмын. Басқа ешқандай менде олардан бірдеңе ала қояйын, осыларды бірдеңе нетейін деп отырған жоқпын. Қайта бұларды өмірге талпындырып, көзін ашып отырмын. Әке-шешесі бар кезде де оқымаған. 280 мың дегенді ештеңесін де білмеймін. Керісінше мен оларды киіндірдім, ішіндірдім, жегіздім. Басқа ешқандай 280 мың не ақша алам, алғам жоқ", - дейді Есенбектің нағашы әжесі Елшарбан Ахметова.

Ал, Есенбектің туған әпкесі інісіне мүгедектігі үшін төленетін мемлекеттік көмекті әлі нағашы әжесі Елшарбан Ахметованың иемденіп отырғанын айтады. Есенбек үйіне қанша барғанмен, төлқұжатын қайтармай әуре-сарсаңға түсіріп жүр екен. Ал, полиция болса үнсіз. "Тексеру жұмыстары жүріп жатыр" - деп сылтау айтып, құтылады, - дейді ол.

"Ол тек ақша үшін ұстады. Бұған көмек үй беріледі, ақша беріледі. Соның бәрін өзі алғысы келді. Бұл баланы қараған жоқ. Бәрібір қыстаққа жіберіп, жалақыны өзі алып отырды. Біз тамыз айында маған қашып келген кезде кезде біз сразу пенсиясын алдық та блокқа түсіріп тастадық бұл баланың. Ол кісі қолында паспорт болды. Блокты ашып алыпты. Ал, блокты ашып алғанда 4 айдың ақшасын алды", - дейді Есенбектің әпкесі Шолпан Құсайынова.

Есенбектің туған әпкесі дені сау бауырын "ауру" деп, жұмысқа жеккені үшін туысқаны Алшарбан Ахметоваға өкпелі. Оның айтуынша, қара жұмысқа салғаны былай, тұрсын, аш-жалаңаш қалдырған екен. Оның тапқан ақшасын қалтасына басып отырғанын айтып, налиды.

"Аталған тұлға бойынша келетін болсақ, енді ол заңмен белгіленеді. Содан кейін арнайы комиссия қарайды. Әрине егер тағы басқа туыстары табылып, сол өзіне өтініш жасап осыған бір ықылас білдіріп жатса ол заңмен қаралып, тиісті жаңағы құзырлы органдармен келісе отырып, мәселе шешіледі", - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев.

Жауапты орган өкілдері бұл мәселенің ұзаққа созылмай шешілетініне сенімді. Егер ақыл-есі кем деп табылған тұлғаның өзге де жанашырлары табыла тұрып, қамқорлыққа алудан бас тартса ол мемлекеттің қарамағына өтуі тиіс деген шешімді алға тартты. Ал, жасы енді 22-ге келген жас жігіт білім алып, шаңырақ құруды армандайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети