“Нағыз жымқыру“. Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Нағыз жымқыру“. Тоқаев үкіметке тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру және азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру және азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай екеніне назар аударды.

"Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс", - деді Тоқаев.

Президент азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты.

"Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.82  course down  595.31  course up  6.59  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети