"Нағыз патриоттар ұжымы". Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметкерлерін құттықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нағыз патриоттар ұжымы". Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметкерлерін құттықтады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты. Бұдан кейін МКҚ-ның 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

"Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды.

"Жеке құрамның білімі мен біліктілігін одан әрі дамытып, Мемлекеттік күзеттің бүкіл жүйесін жетілдіру қажет. Мемлекеттік күзет қызметі - ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдары табысталып, Президенттің Алғысы жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети