Найзағай, бұршақ, дауыл - 8 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

© Тengrinews.kz

Синоптиктер 8 мамыр?а арнал?ан ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, ертең, 8 мамырда республиканың солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, желдің күшейуі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түседі.

Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Реклама
Реклама

"Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерінде 15-20 метр болады, тұман, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз күшті жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама