“Нақты шешімге келген жоқпыз“ - вице-премьер ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Нақты шешімге келген жоқпыз“ - вице-премьер ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте Жұманғарин ҚҚС-тың 20 пайыздық мөлшерлемесі әлемде ең кең таралғанын айтты.

"Бірақ әлі нақты шешімге келген жоқпыз. Бізде елдің жетекші экономистері мен салық мамандарынан тұратын бірнеше кеңесші бар, олар түрлі есептеулер мен стресс-тесттер жүргізеді. Ұлттық банктің макроқаржылық моделі негізінде бірнеше есептеу жасадық. Әзірге есептеуді жалғастырып жатырмыз. Сондықтан, үкімет нақты шешім қабылдады және бұл мөлшерлеме негізгі болып бекітілді деп айтуға келмейді", – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, ол Қазақстанға салық реформасы қажет екенін және ҚҚС мөлшерлемесі шын мәнінде көтерілетінін атап өтті.

"Біз қазіргі жағдаймен өмір сүре алмаймыз, өйткені елдегі қазіргі заңнама көпшілік кәсіпкерлерге салықты оңтайландыру үшін ресми мүмкіндіктер жасап отыр. Яғни, мемлекет өз функцияларын – әлеуметтік және мемлекет жұмыс істеуге қабілетті болуы үшін қажет функцияларды орындауы керек. Мемлекет салық жинамаса, оны қалай орындайды? Бұл анық нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге ниеттіміз. ҚҚС мөлшерлемесін қаншалықты көтеретініміз әлі талқыланып жатыр", – деп қосты вице-премьер.

Серік Жұманғарин өзгерістер қазіргі уақытта Парламентте талқыланып жатқан Салық кодексінің жобасына енгізілетінін еске салды. Үкімет бұл құжатты маусымда қабылдайды деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети