Нан өндіретін комбинаттар мен ірі сауда желілерінің жұмысы жанданды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нан өндіретін комбинаттар мен ірі сауда желілерінің жұмысы жанданды Сурет: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы аумағында 3 ірі нан зауыты - "Ақсайнан", "Алматынан" және "Рузинанан" нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы аумағында 3 ірі нан зауыты - "Ақсайнан", "Алматынан" және "Рузинанан" нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл кәсіпорындар күніне шамамен 80 тонна нан шығарады. Өнім бағасы бұрынғыдай қалатыны белгілі болды. Ақсайнан - 80 теңге/бөлке, Алматынан - 85 теңге/бөлке. Қала халқын маңызды өнімдермен қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр", - делінген штаб хабарламасында.

Бүгін қалада барлық ірі сауда желісінің (Магнум, Смолл, Тоймарт, Метро, Юбилейный, Столичный, Маймарт, Галмарт, JLC және Асыл Ет), сондай-ақ, "У дома" дүкендерінің жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі өндірушілердің азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети