Нашақорлық пен түрмеден өткен талдықорғандық жасөспірімдерге шындықты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нашақорлық пен түрмеден өткен талдықорғандық жасөспірімдерге шындықты айтты Фото: Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

"Заң мен тәртіп" бағдарламасын іске асыру аясында Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының орта мектебі оқушыларымен "Стоп наркотикам!" атты профилактикалық шара өткізді. Іс-шараға сондай-ақ облыстың әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ волонтер ретінде – бұрын есірткі тарату үшін сотталған азамат қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Заң мен тәртіп" бағдарламасын іске асыру аясында Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының орта мектебі оқушыларымен "Стоп наркотикам!" атты профилактикалық шара өткізді. Іс-шараға сондай-ақ облыстың әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ волонтер ретінде – бұрын есірткі тарату үшін сотталған азамат қатысты.

Жиналғандарға ерекше әсер қалдырған – есірткі қылмыстары үшін сотталған, бүгінде ерікті ретінде алдын алу жұмыстарымен айналысып жүрген азаматтың сөзі болды. Оның әсерлі әңгімесі оқушылар үшін шынайы сабақ болды. Ол өз өмірінен алынған оқиғалармен бөлісіп, жастарды орны толмас қателіктерден сақтандырды және бір сәттік шешімнің құны тым ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

"Мен – бұрынғы нашақормын. Қазір есірткіден толықтай бас тартқаныма 20 жылдай болды. Кез келген адам есірткінің тығырыққа тірейтін екенін жақсы біледі. Бір-ақ рет есірткі қолдану – барлық өміріңді құрту. Қазіргі синтетикалық есірткілер өте қауіпті: олар адам организмін басынан бастап ішкі органдарға дейін зақымдайды. Психика мен жүйке жүйесіне өмір бақи зиян келтіреді. Біздің кезімізде есірткілердің басым бөлігі табиғи болды, сондықтан көпшілігіміз тірі қалдық. Ал бүгінгі химиялық заттар –тура өлімге бастайтын жол", – деді волонтер.

Сондай-ақ ол оқушыларды есірткінің зияны туралы терең ойланып, мұндай қадам жасамас бұрын ең алдымен ата-аналарын еске алуға шақырды. Себебі тәуелді адамның отбасы үшін өте ауыр сынақ. Оның негізгі кеңесі қарапайым: ешқашан есірткіге жоламау. Бұл жолға түсу оңай, бірақ қайта шығу - өте қиын. Есірткі жүйке жүйесін бұзып, адам өмірін іштен жегідей жейді деп аяқтады.

Ал Кеңес мүшесі Антон Хотиновский бұл кеселден арылудың жолы – жастарды қатарға тарту және олардың пікірін тыңдау. Есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастырудың және заңды сақтау мәдениетін дамытудың тиімді әдісі екенін айтты.

Кездесуде жастар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қонақтарға ашық және шынайы әңгіме үшін алғыс білдірілді.

Tengrinews
Жетісу облысының ПБ ЕҚҚІҚБ ұсынылған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети