02 ақпан 2021 14:29

Нашар несие тарихы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын алуға әсерін тигізе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тқрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тқрар Қазанғапов

Нашар несие тарихы зейнетақы жинақтарын алуға әсерін тигізе ме? Бұл сұраққа "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нашар несие тарихы зейнетақы жинақтарын алуға әсерін тигізе ме? Бұл сұраққа "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нашар несие тарихы біржолғы зейнетақы төлемдерін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл өзара байланысты нәрселер емес", - деді Ибрагимова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, клиенттің несие тарихы зейнетақы қаражатын ипотекаға пайдаланған жағдайда ғана ескеріледі.

"Мақсатыңыз жаңа ипотекалық қарыз алу болса, арнайы шотқа ақша түскеннен кейін, сіз, әрине, ең тиімді шарттарды іздестіріп екінші деңгейдегі банктерге барасыз және мұнда қарызды бұрын қалай төлегеніңізге, яғни несие тарихыны қарайды.

"Отбасы банк" бойынша нақты жауап бере аламын. Біз мерзімі өткен берешек болмаған жағдайда, кредит тарихын жақсы деп бағалаймыз. Яғни, қарызды кеше кешігіп төлеген болсаңыз да. Несие алу үшін банкке өтініш пен құжаттарды тапсыру кезінде, сізде мерзімі өткен берешек болмаса, біз сіздің басқа екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынасыңызға қарамаймыз", - деп толықтырды Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ, "Отбасы банк" басшысы тұрғын үй бағасы қашан төмендейтінін болжады.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуға жіберген өтінімін өзгерте алатыны да хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети