02 ақпан 2021 13:50

"Асықпаңыздар". Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан төмендейтіні болжанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға асықпау сұралды. "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй бағасы қашан төмендейтінін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтардан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға асықпау сұралды. "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй бағасы қашан төмендейтінін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екінші реттік тұрғын үймен не істеу керек? Олардың бағасы өсіп жатыр. Ақшаны екінші нарықтан пәтер алу үшін пайдалануға бола ма?", - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингінде.

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға ешқандай тыйым жоғын айтты.

"Шарттар бойынша, тұрғын үйді Қазақстандық тұрғын үй компаниясынан құрылыстың аяқталуына кепілдік берілген объектілерден және құрылыс салушылардан ғана сатып алуға болады.

Басқа шектеулер жоқ, сіз кез келген аймақтан баспана ала аласыз. Нұр-Сұлтанда тұрып, Ақтөбеден, Атырауда тұрып, Алматыдан. Ауылдық және қалалық жерлерде ешқандай шектеулер жоқ. Бұл жеке үй де болуы мүмкін. Сіз бастапқы және қайталама нарықтардан ала аласыз", - деп түсіндірді Ибрагимова.

Сондай-ақ, ол қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді.

"Бұл, әрине, сатушының нарығы. Адамдар осындай үлкен сұраныс кезінде пәтері үшін көп алғысы келеді. Меніңше, біраз күту керек, нарық өзі сұраныс пен ұсыныстан тұратын бұрынғы қалпына келеді. Менің ойымша, мамыр мен маусымның ортасында бағалар өткен жылдың жағдайына оралатынын көресіз", - деп жауап берді Ибрагимова.

Ол 45 күнде адам қажет тұрғын үйді таба алмаса, оның ақшасы БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылатынын түсіндірді.

"Қайта өтініш беруге болады. Айыппұлдар мен комиссиялар болмайды, біз сіздің арнайы шотыңызбен жұмыс істеу кезінде барлық комиссияны алып тастадық. Сондықтан салмақты шешім қабылдаңыз, ешқайда асықпаңыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети