22 сәуір 2021 14:52

"Нәтиже жоқ деп айтуға болады" - Тоқаев жолдардың сапасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте жолдардың сапасына сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте жолдардың сапасына сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың 85 пайызы және облыстық маңызы бар жолдардың 61 пайызының ахуалы орташа немесе жаман емес деуге болады. Бірақ, бұл - орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Бұл Президент келтірген деректер. 

"Сапалы жол - қауіпсіздік кепілі. Облыста жол апатының жиілеп кетуі бәрімізді, ең алдымен, жергілікті азаматтарды алаңдатады. Былтыр өңірде 232 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 69 адам, соның ішінде 6 бала қайтыс болды. Мұндай ахуал жыл сайын қайталануда. Әсіресе, "Орал-Атырау" тас жолына баса назар аударған жөн.    

Өкінішке қарай, бұл жол адам өміріне үнемі қауіп төндіріп отыр. Биылғы екі ай ішінде осы жолдың бойында 7 жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам қазаға ұшырады. Сондай-ақ, 15 адам зардап шекті. Бір ғана жол апатынан 15 бала жетім қалды. Бұндай жағдайға жол бермеуіміз керек", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті - жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету екенін айтты.

"Орал-Атырау" тасжолының аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Барлық жолаушы және жүк тасымалы осы жол арқылы өтеді. Автожолдың бойында көлік тұрағы жоқтың қасы. Шын мәнінде, жолдың сапасы көңіл көншітпейді. 

Тағы да қайталап айтамын: Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде. Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жалпы, осы жұмысқа ұзақ жылдар бойы тек белгілі бір мердігерлер ғана қатысады.

"Бұл сұраққа Үкімет жауап беруі керек. Мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті - сапалы жұмыс. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиіс", - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ, Президент "Нұр-Сұлтан - Алматы" автожолын жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмағанын айтты.

"Бұл жол елордамызды 8 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірлермен байланыстырады. Жұмыс қарқынын күшейтіп, осы жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырамын. Шын мәнінде, жол салу және оны жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылып жатқанын мойындаған жөн", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети