Науқас өліп қала жаздаған. Атышулы видео түсірген шымкенттік дәрігер мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Науқас өліп қала жаздаған. Атышулы видео түсірген шымкенттік дәрігер мән-жайды айтты Видеодан алынған кадр

Аурухана қақпасын видеоға түсіріп, Желіде жариялаған шымкенттік дәрігер Арман Хамзин мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аурухана қақпасын видеоға түсіріп, Желіде жариялаған шымкенттік дәрігер Арман Хамзин мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

Бірақ әкімдіктегілер дәрігердің нақты қандай себептер бойынша жұмыс істемейтінін айтпайды. Өз еркімен кетті ме немесе оны қуып жіберді ме - белгісіз.

Еске салайық, мұның алдында Арман Хамзин жедел жәрдем каретасын видеоға түсірген болатын. Онда дәрігер ауыр науқастардың көлікте жатқанын, алайда оларды медициналық мекемеге ешкімнің қабылдамай жатқанын айтқан еді.

"Мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерімін, пневмониямен ауырған ауыр науқасты әкеле жатырмын. Бірде-бір стационар оны қабылдамайды, орын жоқ. Енді не істеу керек? Кеше біздің бригаданың машинасында екі адам қайтыс болды. Осыған назар аударыңыз. Мен енді басқа қайда бару керегін білмеймін", - дейді автор Facebook желісінде жарияланған бейнероликте.

Кейін арнайы ұйымдастырылған брифингте дәрігер өз әрекетін түсіндірді. Оның айтуынша, диспетчерлер жедел жәрдем көлігін дұрыс үйлестірмеген, ал видеоны эмоция берілгендіктен жазған. Баспасөз конференциясына қала әкімі Мұрат Айтенов қатысқан.

Жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин (сол жақта шеткі) арнайы брифингте. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов (сол жақта екінші). Хабар 24 " телеарнасынан алынған кадр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети