31 қазан 2018 | 09:18

Науқастардың қалтасын қағуды үйреткен бұрынғы бас дәрігер жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуар Аманов. Әнуар Аманов.

Алматыдағы қалалық №4 клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы қалалық №4 клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнуар Аманов науқастардың қалтасын қағуға үйреткен бас дәрігер деген атпен танымал болған еді.

Оның қазіргі уақытта Алматыдағы Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының басқарма төрағасы қызметіне келгені белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілерде дәрігерлердің медициналық мекемелердің бірінде өткізген жиыны түсірілген видео пайда болған еді. Онда медициналық мекеменің бас дәрігері әдеп нормасын бұзып, "медициналық жұмысшының атына кір келтіретін әрекет жасаған".

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атышулы видеоға қатысты пікір білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети