Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Наурыз айының ауа райына болжам жасалды

25 Ақпан 2015, 17:53
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстанда наурыз айы суық болады, тек айдың ортасына қарай күн ақырындап жылына бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнының ұзақ мерзімді болжам жасау бөліміне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжауынша, ақпан айының соңғы аптасында күн суық болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік-шығыс өңірдегі кей жерлерде қар жауып, боран соғады және қатты жел соғады. Сонымен қатар, бұл өңірде түнгі ауа температура 15 градусқа дейін төмен түседі деген болжам бар. Оңтүстікте 10 градусқа дейін суық болады.

Наурыз айының басында Қазақстанның ауа райына антициклон әсер етеді. Солтүстік-шығыстан басқа өңірдің барлығында күн ашық болады. Көктемнің алғашқы күндерінде солтүстіктегі түнгі ауа температура 8-18 градусқа, күндіз 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнгілікте 2-12 градус суық, күндіз 0-10 градус жылы болады. 

Әйелдердің халықаралық күні - 8 Наурызда суық ауа массалары елімізге қайта келеді. Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашын жауып, қатқақ болады. Еліміздің солтүстігінде түнгі ауа температура 20 градусқа дейін, ал күндіз 10 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 15 градус суық, ал күндіз 5 градус жылы болады. Қазақстанда ауа райы тек наурыз айының екінші жартысында жылынады. Наурыз мейрамының қарсаңында солтүстіктегі күндізгі ауа температура 8 градусқа дейін, ал оңтүстікте 15 градусқа дейін көтеріледі. Ауа температурасы айдың аяғына дейін жоғарылай береді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай