"Наурыз" ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Наурыз" ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады Фото:depositphotos.com

"Наурыз" ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады. Бұл туралы "Отбасы банк" филиалының директоры - басқарушы директор Жансұлтан Матай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Наурыз" ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады. Бұл туралы "Отбасы банк" филиалының директоры - басқарушы директор Жансұлтан Матай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасы банк" филиалы директорының айтуынша, олар жаңа ипотекаға қатысушыларды мазалап немесе асықтырмау үшін осындай шешімге келген.

"Өтініш білдірушілерді асықтырмау үшін маусымның аяғына дейін өтініштерді қабылдауға әлі бір жарым ай уақыт бар. Бүгін үлгермегендерде әлі мүмкіндік бар. Яғни, бірінші күні немесе соңғы күні өтініш бергеніңіз маңызды емес. Сондықтан асығудың қажеті жоқ, өтініш бергенде барлық қажетті құжаттарды жинағаны дұрыс", – дейді Матай.

Бүгінде "Наурыз" бағдарламасы бойынша 17 432 қазақстандық өтініш беріп, оның 8 945-і қабылданды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты. Аталған бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған.

"10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның ішінде 8 945 өтініш қабылданды. Олардың жартысы, яғни 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобынан түскен. Бұл – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылғандар", - деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдарламаға түскен өтініштердің 57 пайызын әйелдер жіберген, ал түскен барлық өтініштің 62 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

"Ең жас өтініш берген азамат – Түркістан облысының тұрғыны. Ол – 18 жаста", - деді басқарма төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети