Фото Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінен жіберілді.
Наурыз мерекесінде нағыз батырлар өздерінің шеберліктерімен Қызылорда облысының тұрғындарын таңқалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Жалағаш аудандық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап. Осы күні Жалағаш ауылының орталық алаңында қазақтың нағыз батырлары ең таңдаулы атақ үшін тартысты. Жалағаш аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Сенбеков 130 келі тартатын тасты еш қиналмастан беліне көтеріп, 21 метрге дейін жүгіру арқылы алдыңғы қатардан көрінді. Тіпті ол осы арақашықтыққа дейін 160 келі тартатын бір жасар құлынды да көтеріп келді. Алайда бұл сынақ жалағаштық батырларға аз болып көрінді. Сондықтан олар "ГАЗель" автокөлігін тарту жарысын өткізді. Тұрақта тұрған көлікті тартып жылжыту жарысында Ақсу ауылының батыры Дархан Бәкіров алдыңғы қатарға шықты. Ол еш қиналмастан көлікті 40 метрге дейін сүйреп, тіпті судьялар сұрғаннан кейін ғана сүйреуін тоқтатты.
Наурыз мерекесінде нағыз батырлар өздерінің шеберліктерімен Қызылорда облысының тұрғындарын таңқалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Жалағаш аудандық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.
Осы күні Жалағаш ауылының орталық алаңында қазақтың нағыз батырлары ең таңдаулы атақ үшін тартысты. Жалағаш аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Сенбеков 130 келі тартатын тасты еш қиналмастан беліне көтеріп, 21 метрге дейін жүгіру арқылы алдыңғы қатардан көрінді. Тіпті ол осы арақашықтыққа дейін 160 келі тартатын бір жасар құлынды да көтеріп келді.
Алайда бұл сынақ жалағаштық батырларға аз болып көрінді. Сондықтан олар "ГАЗель" автокөлігін тарту жарысын өткізді. Тұрақта тұрған көлікті тартып жылжыту жарысында Ақсу ауылының батыры Дархан Бәкіров алдыңғы қатарға шықты. Ол еш қиналмастан көлікті 40 метрге дейін сүйреп, тіпті судьялар сұрғаннан кейін ғана сүйреуін тоқтатты.