Наурыз мейрамында қозы көтерген бүлдіршін жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамында қозы көтерген бүлдіршін жұртты тәнті етті видео кадры

Маңғыстау облысы Таушық ауылындағы наурыз мерекесі ерекше тойланды. Балабақша әкімшілігі бүлдіршіндер арасында арқан тартыс, асық ату, қозы көтеру секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырған. Кішкентай балақайлардың мерекесі тартысты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Санжар есімді бес жасар балақайдың қозы көтеріп жатқан сәті көпшілікті сүйсінтті. Ол көктемгі төл қозыны 35 рет көтеріп, бірінші орын алған.

Бөбекжайдағы "әз-Наурыз" мерекелік іс-шарасына балдырғандардың ата-аналары, балабақша ұжымы қатысқан. Аулада қазан асылып, наурыз көже пісіріліп, ұлттық салт-дәстүр насихатталыпты.

Тәрбиешілердің айтуынша, қозы көтеру ұлттық ойнын ұйымдастырудағы мақсаты – бүлдіршіндерді ептілікке баулып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.

"Балаларға қазақтың ұлттық ойындарын, арқан тартыс, асық ату, қозы көтеруді ойнаттық. Қозы көтеруде бес жасар Санжар қозыны 35 рет көтеріп, ойынның мәнін де, сәнін де келтірді", - дейді балабақша меңгерушісі Индира Әлішбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети