Наурызбай ауданында жаңа емхана ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы №36 жаңа ехананың ресми ашылуына қатысты, сонымен қатар салынып жатқан 1200 орынды мектеп пен аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын әкімшілік кешеннің құрылыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы №36 жаңа ехананың ресми ашылуына қатысты, сонымен қатар салынып жатқан 1200 орынды мектеп пен аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын әкімшілік кешеннің құрылыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

500 адам қатынайтын жаңа медициналық мекемені "Туған жер" бағдарламасы бойынша "Завод Электрокабель" ЖШС компаниясы салды.Жаңа емханада алғашқы медициналық - санитарлық көмекпен қатар коллректальді обыр мен асқазан ауруларының белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған, мұнда рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері ашылған,торакальді және абдимональді колопроктология және басқалары жүргізіледі. Күзде қозғалысы қиын жандар үшін сауықтыру кабинеті жұмыс істейтін болады, емханада электронді тіркеу, Call-орталық пен Наурызбай ауданының тұрығндары үшін жедел медициналық бригада қызмет көрсетеді.

Жақында Қалқаман ықшам елді мекенінде 200 адам қатынайтын тағы бір емдеу мекемесі ашылады,Таусамалы поселкесінде 500 адам қатынайтын емхана салынады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын аралаған кезде салынып жатқан 1200 орынды мектептің, АІІД, аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын кешен құрылыстарының барысымен де танысты. Қала басшысына бұл нысандардың барлығы осы айдың аяғына таман дайын болатындығы, қазіргі кезде бұларда ішкі әрлеу мен нысандар айналасын абаттандыру жұмыстарының жүріп жатқандығы айтылды.

Биылғы жылы Наурызбай ауданында ұзындығы 107,5 шақырым болатын су және ұзындығы, 81,2 шақырым болатын су айырғыш жүйесі, Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ, Акжар, Құрамыс, Қарғалы, Жайлау Ақсай, Қарғалы елді мекендерін орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз ететін әрі су тазалайтын Ақсай және Қарғалы екі станция салынуда. Ұзындығы 24,4 шақырым болатын кәріз коллекторын салу жоспарланған.

Ауданда жаңа үйлер салу, Абай даңғылын Әуезов көшесінен Қалқаман елді мекенінен қала шекарасына дейін үңгілеу, Жандосов көшесін Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін жаңарту, Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде 30 көшені жөндеу, 33 жол салу жұмыстары жүріп жатыр.

Қарғалы өзенінің арнасына ұзындығы 7,7 шақырым бетон конструкциясы төселген соң, оның айналасы абаттандырылады, жасыл желек, гүл клумбалары отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, балалардың ойын алаңдары жасалады, жаяу жүргінші жолы салынып, жарық көздері орнатылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer