20 наурыз 2014 | 11:54

Наурызбек, Наурызгүлдер дүниеге келуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балаларға Наурыздың құрметіне ат қойылуда Фото РИА Қазақстанда балаларға Наурыздың құрметіне ат қойылуда Фото РИА

Наурыз мерекесінің құрметіне қазақстандық ата-аналар жаңа туған балаларына наурызға қатысты есімдер қоюда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып. "Мерекелік" есімдер 2013 жылы 22 наурызда дүниеге келген 25 балаға берілген. Жаңа туылған нәрестелердің жетеуі Наурыз, тоғызы Наурызбек, алтауы Наурызбай, үшеуі Наурызғали, Наурызхан, Наурызгүл болып аталған. Наурызға қатысты жаңа туған балаларға ат қоюдан Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облысы алда келеді. Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 3 балаға, Ақтөбе, Атырау облыстарында 2 бөбекке осындай есімдер қойылған. Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында бір-бір бала наурызға қатысты есім иеленген. Естеріңізге сала кетейік, биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады. 22 наурыз күні қалаларда мерекелік концерттер өтеді. Мысалы, алматылықтар үшін JCS тобы ән шырқайды Nomad каскадерлік тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ Алматының әр ауданы Наурыз тойын өзінше тойлатады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети